09.05.2019, 03:31

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қазақстандықтарды Жеңіс мерекесімен құттықтады.

«Жеңіс күні мерекесімен барлық отандастарымызды құттықтаймын! Біздің жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері фашизмді күйретуге зор үлес қосты. Олардың көзсіз ерліктері біздің жадымызда мәңгі сақталады»,- деп жазды ол.