Қоғам 11.05.2019 сағат 11:16  429

Жемқорлықты қалай жеңуге болады?

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекет онымен тоқтаусыз күрес жүргізіп келеді.

Жемқорлықты қалай жеңуге болады?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл дерт Қазақстанды да айналып өтпегені белгілі. Елімізде жыл сайын ірі лауазымды шенділерден бастап қатардағы мемлекеттік қызметкерлер, полиция мен педагогтар да жемқорлыққа жол беріп, істі боп жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан, бұл індетпен күрес елімізде барынша күшейтілген.

Еліміздің Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жемқорлықпен тұтастай халық болып күреспесек, оның тамыры кесілмейді» деген сөзі бар. Бұл сөздерді Елбасы жемқорлық деректері өршіп кеткендіктен айтқаны белгілі.

Әлемнің дамыған елдерінде неліктен жемқорлық көрсеткіші әлдеқайда төмен? Өйткені, ол елдерде адами құндылықтар бірінші орында тұрады, халқы заңға бағынып, конституцияны ең қасиетті құжат деп қабылдайды. Мемлекетте осындай қоғам қалыптасқан кезде ғана ол дамыған алып державаға айналары сөзсіз.

Енді қайтпек керек? Қол қусырып отыра алмаймыз. Сол дамыған елге айналу үшін біз де дені сау ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Жемқорлықтың індет екенін балаға мектептен, жоғары оқу орындарынан бастап үйрете беруіміз қажет. Әсіресе, осы тақырыпта семинарлар, дөңгелек үстелдер мен пікірсайыстар ұйымдастырса балаға пайдасы мол. Жастар парақорлықтың салдарын біліп, ұғынып, көзбен көрген кезде ғана болашақта бұл кеселге ұрынбайды.

Жоғарыда аталған іс-шаралардан бөлек, өскелең ұрпаққа рухани азық беретін жиындар да ауадай қажет. Дін тұрғысынан, руханият тұрғысынан хабары бар адам болашақта ешқашан ұлт тағдырына балта шабатын қылмыс жасауға бармайды.

Ұлы Абай айтқандай, «Ең бастысы жүректі таза ұста, егер сол бір кесек еттен тұратын жүрек қарайса, бүкіл дене қараяды» демекші, сананы жаңсақ ойлардан сақтап, пендешілікке салынбай, таза ұстайық!

Даниял Мақсатұлы,

О.Тайманов атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар