$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанда президентке кандидаттардың теледебаты тікелей эфирде өтеді

ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев президенттікке кандидаттардың өзара дебаттарын телеарналардың тікелей эфирінде көрсетуге дайындық жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Менің білуімше, теледебаттар болады. Және ол тікелей эфирде өтеді», – деп хабарлады ол.

Алайда министр дебаттардың тақырыбын, онда қандай сұрақтар қойылатынын нақты айтпады.

«Теледебат болғанда, кандидаттар өзара сөз таластырады. Оның қайда, қашан, қандай форматта өтетіні кейінірек белгілі болады», – деді Абаев.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары