Қоғам 15.05.2019 сағат 09:51

Жүктіліктің 7-айындамын, үйдегілер білмейді

Жүктілігімнің жетінші айындамын. Осылай деген бойжеткен Instagram әлеуметтік желісіндегі @kyzbagy парақшасына бойжеткен жұрттан кеңес сұрап, хат жазды. Айтуынша қыздарының жүктілігінен ата-анасы да хабарсыз екен. 

Жүктіліктің 7-айындамын, үйдегілер білмейді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Мен қазір жүктіліктің 7-айындамын, тұрмыста емеспін. Бірақ үйдегілер ештеңе білмейді, ішім кішкентай және байлап жүрмін, айтуға ұяламын. 

Емханаға есепке тұрған жоқпын. Енді мені босанарда перзентханаға ала ма? Босанған бойдан баладан бас тартамын деп жазып беремін. Баланы туып бере салу оңай ма деп айтатын боларсыздар, оңай емес, бірақ басқа амалым жоқ. Мамаға да айта алмаймын, аналар үйіне барғым келмейді. Бар уайымым перзентханаға алмай, үйде босанып қалам ба деп қорқамын», – деп жазған ол. 

Желі қолданушыларының басым бөлігі бар шындықты анасына айтуын сұраған. Кейбірі «Аналар үйіне» барып, перзенті үшін өмір сүруге кеңес берген.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар