$ 447.4  477.55  4.76

Желіде «Томирис» фильмінің актерлері сынға ұшырады

Танымал кинорежиссер Ақан Сатаев өзінің Instagram-парақшасында «Томирис» тарихи фильмінің кейіпкерлерінің суреттерін жариялады.

Аты аңызға айналған тұлғалардың бейнесі сомдалатын фильм актерлері желі қолданушыларының біріне ұнаса, енді бірінің мүлде көңілінен шықпаған. 

Олар грим мен кастюмдер бір-бірімен жақсы үйлескен деген пікірде. Кейбірі «көзге жауыр болған әртістерді қайталап шығара бергенше, көрінбеген жастарды түсірмей ме» деп сынап жатыр. 

Фильмнің басты рөлдерін Альмира Тұрсын, Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды, Айжан Иргалиева  сомдайды.  

Айта кетейік, «Томирис» фильмі көрерменге биыл күзде жол тартады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары