Шахмат ойынынан бес дүркін әлем чемпионы қазір Ақтау қаласында тұрады. Жақында Ресейден Қазақстанға қоныс аударған Бибісара Асаубаева сырт келбетін адам танымастай өзгертті. Бойжеткен соңғы суреттерін өзінің Facebook-парақшасына жариялады.
«Шахмат ханшайымын» ұзын шашпен көріп үйреніп қалған желі қолдаушылары үшін оның жаңа бейнесі тосын жайт болды. 15 жастағы бойжеткен өзін әлі іздеп жүргендей. Қолаң шашын Бибісара шорт кесіп тастаған.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаеваға Каспий мемлекеттік университеті грант ұсынған. Woman Fide Master атағын небәрі 7 жасында алған қыздың болашағына жаттықтырушылары зор үміт артады.