Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сыртқы істер органдарында бірқатар ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Нажмедин Мұхаметәлі Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен,
Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;
Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.