Подиумға төсін жалаңшап шығып,сынның астына қалған Динагүл Тасова Instagram-парақшасында қазақтың ұлттық киімінде сән көрсеткен сәтін жүктеп, жұртты сүйсіндірді.
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! »,-деп жазған жастар мәслихатының депутаты өзі ана тілінде сөйлемесе де, оған деген құрметі зор екенін аңғартса керек.
Желі қолданушыларының бірі модельге ұлттық киімнің құйып қойғандай жарасатынын айтса, енді біреулері оның ана тілін құрметтейтініне күмән келтірген.