Тәртіпсіздік Душанбеден 20 шақырым қашықтықтағы Вахдат қаласындағы түрмеде болған, деп жазады ТАСС.
«Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қатысушы ретінде жазасын өтеп жатқан аса қауіпті 30 тұтқын колонияның 3 қызметкерін кепілге алып, қашуды көздеген. Осы сәтте колония әкімшілігі тәртіпсіздікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған. 29 сотталушы мен 3 офицер оқиға орнында көз жұмды», – деп жазады.
Мұндай жағдай бұған дейін өткен жылдың қараша айында Тәжікстанның солтүстігіндегі Худжанд қаласындағы қатаң режимдегі колонияда болған еді. Ол кезде жазасын өтеп жатқан 21 адам мен 2 қызметкер мерт болған.