Қоғам 27.05.2019 сағат 10:58  838

Бұрын сотты болған шенеунік интервью кезінде федералды арнаның тілшісін соққыға жықты (ВИДЕО)

«Сендер мұнда не үшін келдіңдер?» деп бас салған аудан басшысы тілшіні итеріп жіберген. Сөзге келмек болған БАҚ өкілін шенеунік жерге құлатып, кабинетінен қуып шығады.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Хакасия республикасында Ширинск ауданының басшысы Сергей Зайцев «Россия 24» арнасының түсіру тобына шабуыл жасады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Тілшілер 2015 жылғы орман өртінен зардап шеккендерге берілген баспана жағдайы туралы сюжет әзірлемек болған. Тұрғындар үйдің жағдайына шағым айтқан болатын.

Түсіру тобы аталған үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражаты жайлы білу мақсатында Зайцевтің кабинетіне келген.

«Сендер мұнда не үшін келдіңдер?» деп бас салған аудан басшысы тілшіні итеріп жіберген. Сөзге келмек болған БАҚ өкілін шенеунік жерге құлатып, кабинетінен қуып шығады.

Телеарна қызметкерлері Бас прокуратура мен Тергеу комитетіне, сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне Зайцевті жауапқа тарту жөнінде шағымданды.

Тілшілердің хабарлауынша, шенеунік 4 жыл бұрын елді мекендегі орман өртіне жол бергені үшін «салғырттық» бабымен жауапқа тартылған екен. Тілсіз жау сол уақытта 10 адамның өмірін жалмаған. Сот 4 жылға аудан басшысының бас бостандығын шектеп, сол бойда рақымшылық жариялаған болатын.

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар