27.05.2019, 17:20

Қостанайда төртінші қабаттан арқанмен түспек болған әжей көз жұмды

фото: alau.kz
80 жастағы зейнеткер әйелдің денесі үйінің жанынан табылды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төртінші қабаттан арқанмен түспек болған 80 жастағы азаматша көз жұмды, деп хабарлайды alau.kz сайты.

Қайғылы оқиға 23 мамырда болған. Бұл туралы тілшілерге куәлер хабарлаған. Қайғылы жайтты жергілікті полиция департаменті растап отыр.

Маяковский көшесінде өз үйінің жанында зорлық белгілері жоқ әйел адамның денесі табылды. 80 жастағы әйел төртінші қабатта тұрған. Соңғы кезде ауырып жүрген екен.

«Анықталғандай, азаматша арқанның көмегімен пәтерінің терезесінен түспек болған. Бұл уақытта баласы жұмыста болса керек», - деп хабарлады полициядан.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.