$ 498.34  519.72  4.85

«Мүгедек қылып беру - 500 доллар»: Мақтааралда жаңа қызмет түріне жүгінгендер бар

Күдікті Мақтааралға қонаққа барғанда үй иесі ұлының ауруханада есепте тұратынын біліп, «мүгедектікке шығарып беремін» деп, 140 000 теңге ақшасын алып кеткені анықталды.
фото: dom-i-zakon.ru
фото: dom-i-zakon.ru

«Мүгедектікке шығарып беремін» деп, бірнеше адамнан қомақты ақша алған алаяқ ұсталды. Ауылдың қарапайым тұрғындарынан ол 130 000-170 000 теңге аралығында ақша алған.

Мақтаарал ауданында "мүгедектікке шығарып беремін" деген желеумен бірнеше адамнан ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті Мақтааралға қонаққа барғанда үй иесі ұлының ауруханада есепте тұратынын біліп, «мүгедектікке шығарып беремін» деп алдап, құжаттарымен бірге 140 000 теңге ақшасын алып кеткені анықталды. 

Белгілі болғандай, алаяқ тағы бірнеше адамды алдып, 130 000 - 170 000 теңгеден алып отырған7

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. 

Алайда, алаяқтықпен айналысқан азамат 3 жәбірленушіге де келтірген шығынын толық өтеп, арызданушылардың кешіруіне байланысты, қылмыстық іс тоқтатылған.

Дереккөз: "Алматы" арнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары