Күнделікті емханаға келген науқастар саны бір ауысымда 400-450 адамға жетеді екен. Басқарма басшысы аталмыш нысанды аралау барысында тіркеу бөлімі, дəрігерге дейінгі қабылдау бөлімі, профилактикалық тексеру кабинеті, жүкті əйелдерді қарау, психопрофилактикалық дайындау бөлмесі, кезек күттірмейтін медициналық қызмет көрсету бөлімшесін жəне ультрадыбыстық тексеру бөлімдерін, кардиолог, хирург, лор кабинеттерін көріп шықты. Сонымен қатар қазіргі таңдағы денсаулық сақтау саласының өзекті мəселелері тақырыбында əңгіме жүргізді. Сапар барысында Асxан Марxабайұлы медбикелердің "Ауруларды басқару" бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарымен де танысты. Мұнан соң медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
«SN.kz»-ақпарат.