Қоғам 22.05.2019 сағат 18:07  86

Шымкент қаласына Батыс Қазақстан өңірінің ақпараттық тур қатысушылары келді

Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және ел ішінде өңірлердің туристік әлеуеті туралы хабардар ету мақсатында "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ақпараттық турлар циклін өткізуді қолға алып отыр.
Шымкент қаласына Батыс Қазақстан өңірінің ақпараттық тур қатысушылары келді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

- Бірінші ақпараттық тур барысында Батыс Қазақстанның 4 өңірінің туроператорларынан құралған топ 20-30 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан мен Бурабайға барып, Шымкент және Сарыағаш қалаларында, сосын Алматыға, одан кейін Шығыс Қазақстан облыстарының туристік орындарына барады", - деді "Kazakh Tourism" ҰК PR менеджері Дархан Иленбаев.

Жоспарға сәйкес, 22 мамыр күні Батыс өңірінің туроператорлары Шымкентке келді. Шымкент қаласының туризм басқармасы жергілікті қоғамдастықтармен бірлесе қонақтарға үшінші мегаполистің басты нысандарын көрсетіп, жергілікті компаниялармен b2b кездесулер өткізбек. Шараның мақсаты – қаланың ішкі туризмін дамыту, басқа өңірлермен туристік байланыстар орнату және өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

- Ішкі туризмнің белсенді түрде өсуіне қарамастан, шетелдерге шығатын туристердің саны ішкі туристік ағыннан екі есе дерлік көп. Оның негізгі себептері, тиісті ұсыныс пен инфрақұрылымның жоқтығымен қоса, ақпараттың жетіспеушілігі болып отыр. Сондықтан халықты еліміздің туристік мүмкіндіктері жайлы ақпараттандырып, оларды өз елімізде саяхаттауға ынталандыру керек. Әлбетте, бұл жұмыстың басында Қазақстан бойынша турларды жасақтап, жарнамалап, сататын отандық туристік компаниялар тұрады, - деді жиында сөз алған Шымкент қаласы туризм басқармасының басшысы Тұрар Ахметов.

Шымкенттің туристік әлеуетіне тоқталған басқарма басшысы әртүрлі табиғи нысандар мен өзен-көлдердің көптігіне назар аударды. "Ұлы Жібек жолының бойындағы ең шұғылалы шаһарда туристік нысандар, саябақтар мен демалыс орындары баршылық. Бізде қонақүй бизнесі жақсы дамыған. 106 қонақүй бар. Турқызметтеріміз де әр алуан", - деді ол.

Айта кетейік, былтыр Шымқалаға шетелден және еліміздің түкпір-түкпірінен 178 мың турист келген екен.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар