Келісімшартқа сәйкес, осы шаруаны атқарған мердігерлер шаһар аумағындағы көпқабатты үйлердің аулаларындағы қоқыс алаңшаларын, канал жағалауы мен қоқыс полигонын дәрілеуі тиіс болатын. Жалпы аумағы 54 миллионнан астам шаршы метр жерді зарарсыздандыру шаралары бір ай көлемінде жүргізілген болатын. Енді бір жеті бойы сол дәріленген орындарды мамандар қайта аралап, өлген егеуқұйрықтарды жинауға кірісті.
Айта өтейік, жиналған кеміргіштердің барлығы арнайы комиссияның қатысуымен беккари шұңқырына тасталады немесе криматорийде өртеледі. Бұл жұмысқа тұрғындар да атсалысқанын атап өткен жөн. Мәселен, бір ғана “Имран” сауда үйінің маңындағы көпқабатты үйден 497 атжалман ауланып, жойылған.
«SN.kz»-ақпарат.