$ 448.89  477.93  4.76

Шымкент қаласында "Hawaii Shymkent" демалыс аймағы ашылды

Шымкентте тағы бір демалыс орны ашылды. Қаланың көрікті орындарының қатарына Гавай кешені қосылып отыр. Маятас елдімекенінен орын тепкен нысан аумағы 5,5 шақырымды алып жатқанын айта кетейік.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері бастаған алқалы топ шымкенттіктердің қуанышын бөлісуге келді. Шымкенттің өз Гавайының тұсауын кескен қонақтар демалыс орнын түгелдей аралап шықты. Қонақ үйі, мейрамханасы мен бассейінін тамашалаған олар соңында әуезді ән тыңдады. Гавайды белгілі тұлғалармен бірге қарапайым халық та тамашалады. Айта кетейік, ашылу күні кіру құны тегін болды. Содан болса керек, келушілер қатары аз емес. Немересін жетектеген әжені де, баласын көтерген ананы да кезіктіре аласыз.

Демалыс орнының халыққа қолжетімді болғандығын құрылтайшылар да қалаған. Сол үшін кіру құнын 1700 теңгеден бастапты. Шымкенттегі Гавайдың ерекшеліктері мұнымен бітпейді. Бірнеше бассейіні бар мұндағы орталықта маса да жоқ екен. 1700 орындық демалыс орны қонақтарды бүгіннен бастап қабылдайды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары