$ 494.87  520.65  4.91

Ғабидолла Әбдірахымов Арыс тұрғындарына қажет азық-түлік жеткілікті жиналғанын жеткізді

Шымкент қаласының әкімі бұл туралы БАҚ өкілдерімен жүздескен брифингте мәлімдеді. Ғ.Әбдірахымов бұған қоса әлеуметтік желіде тарап жатқан қауесеттерге сенбеуге шақырды.

– Әлеуметтік желідегі аккаунтыма күнде мыңдаған хабарлама түседі. Әрине, мен барлығына бірдей жауап бере алмасам да, жағдайды бақылауда ұстап отырмын. Ал Арыс тұрғындарына қажет азық-түлік жеткілікті жиналған. Қажет заттар қарапайым қазақстандықтардан, көрші аймақтардан, кәсіпкерлерінен түсіп жатыр. Мен жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамын. Арыс қаласында 45 мыңға жуық адам тұрады. Олардың көбісі Шымкентке жеткізілгендіктен, негізгі салмақ біздің қаламызға түсіп отыр. Қазіргі таңда қаладағы барлық қызметтер барынша күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде, біз арыстықтарға қолдан келгенше көмек көрсетіп отырмыз, - деді әкім.

Ғ.Әбдірахымов бұған қоса Арыс тұрғындарына қажет заттар бүгіннен бастап Ынтымақ шағынауданындағы сауда-логистикалық орталықта жиналып жатқанын айтты.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары