$ 446.49  475.38  4.79

Шымкенттегі 49 эвакуациялық пунктегі жағдай тұрақты

Қазіргі таңда Шымкент шаһарында құрылған 49 эвакуациялық пункте жалпы саны 26 мың 691 арыстық азамат тіркелген. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық әкімдікте өткен брифингте мәлімдеді.

Екі күннің ішінде жоғалған 19 бала ата-анасына табысталғанын айтқан қала әкімі еріктілерге алғысын жеткізді. Сондай-ақ үлкен көлемде қаражат аударған кәсіпкерлерге де рахметін айтты.

Баспасөз жиынында қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов жалған ақпарат тартқан Арыс тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын, ал жалпы тәртіп сақшылары қатаң режимде жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Мадияр Жақсыбаев Арыс қаласындағы жағдай тұрақты екенін хабарлады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Арман Сұлтанов та Шымкентке келіп тоқтаған жолаушыларды жеткізу барысы тұрақты екенін айтты.

Бүгінде Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары Арыс қаласында баспаналарды зерделеу үстінде. Бюджеттен бөлінетін қаражатқа баспаналар жөнделетін болады. Арыстағы 17 секторға бөлінген аумақтарды жөндеуге Шымкент қаласы да атсалыспақ. Қорға жиналған қаржы толығымен Арыс қаласын қалпына келтіруге жұмсалады.

Арыстық 45 мың тұрғын болса, бүгінде Шымкент қаласына көшірліп, тіркелгендердің қарасы 25 мыңға жуықтап отыр. Қала әкімі эвакуациялық орталыққа барғанында арыстықтардың «бізге Шымкент қаласынан жер, үй беріледі ме?» деп сұрағанын айтты. Қала әкімі арыстықтарға үшінші мегаполистен жер де, үй де берілмейтіндігін айтып өтті. Қорғаныс министрлігінен хабар келген соң тұрғындар өз қалаларына көшірілетіндігін, қала қайта қалпына кетірілетіндігін жеткізді.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары