$ 449.3  489.69  4.89

«Бұл білім мекемесі қазіргі талаптарға сәйкес келмеді»: «Астана» университеті заңды көпе-көрнеу бұзып отыр

Университетке анықталған барлық бұзушылықтарды 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін реттеу туралы бұйрық берілді. Бұйрық орындалмаған жағдайда, іс сотқа жіберіледі.

Білім және ғылым министрлігінің мамандары «Астана» университетін кезектен тыс тексеру барысында заң бұзу әрекеттерін тапқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бұл білім мекемесі қазіргі талаптарға сәйкес келмеді: университетке қабылдау ережесі, студенттерді ауыстыру және орналастыру тәртібі, емтихан сессиясы және емтихан сессиясының қорытындысы бойынша құжаттаманы жүргізу тәртібі бұзылып, аралық бақылау кезінде академиялық саясат сақталмаған» делінген министрлік хабарламасында.

Тексеру барысында әкімшілік іс қозғалып, ол 14 тамыз күні қаралған. Нәтижесінде айыппұл салынып, білім беру мекемесіне берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

«Шешім заңды күшіне енген жоқ. Университетке анықталған барлық бұзушылықтарды 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін реттеу туралы бұйрық берілді. Бұйрық орындалмаған жағдайда, іс сотқа жіберіледі», – деді министрлік.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың ішінде бұл университет 63 талапқа сәйкес келмеген.

«Сабаққа келмеген студенттердің емтихан тапсыруға мүмкіндіктері болған. Олар емтихан тапсыруға өту үшін университетке ақша төлеген. Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігіне бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы жалған мәліметтер берілген», - дейді БҒМ.

2018 жылы жұмыспен қамту деңгейі іс жүзінде 34,4 пайызды құраған болса, ал университеттің ресми есептерінде 71,3 пайыз деп көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары