11.12.2015, 14:58

Серік Ахметов - 10 жылға, Бауыржан Әбдішев - 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Қазақстан Республикасының экс премьер-министрі Серік Ахметовты сот 10 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Ал, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бес жылға, Қарағанды қаласының экс-басшысы Мейрам Смағұлов үш жылдға сотталды.

Айта кетейік, аталған іс бойынша барлығы 21 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар сот алдында жауап берген болатын. Экс-премьер мен Қарағанды облысының бұрынғы әкіміне мемлекеттің қаржысына қол салып, ірі көлемде пара алды деген айып тағылған болатын. Сотталушылардың ешқайсысы соңғы сәтке дейін өздеріне тағылған айыптардың бірде-бірін мойындаған жоқ.

Серік Ахметовке айыптар өткен жылдың қараша айында тағылып, ол үй қамағына алынған еді. Ал, сот процесі 2015 жылдың тамыз айында басталған. Қылмыстық іс 338 томнан тұрады. Осы күнге дейін барлығы 82 сот отырысы өтіп, 260 куәгер сот алдында жауап берді.