$ 494.87  520.65  4.91

Соңғы бір айда елімізде әр минут сайын 1 нәресте дүниеге келіп, 4 минуттан соң 1 адам өмірден өткен

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтында халық санының онлайн-есептегіші орнатылған. Онда дүниеге келген, көз жұмған және басқа да жағдайлар бойынша еліміздегі халық санының артқаны, не кеми түскені әр секунд сайын өзгеріп отырады.
Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

2019 жылдың 4 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 392 мың  адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтында халық санының онлайн-есептегіші орнатылған. Онда дүниеге келген, көз жұмған және басқа да жағдайлар бойынша еліміздегі халық санының артқаны, не кеми түскені әр секунд сайын өзгеріп отырады. Мәселен, 4 қараша, сағат 00:02-дегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстан халқының саны 18 млн 587 мың 186 адамды құрады. Оның ішінде ерлердің саны – 9 млн 7 мың 654, әйелдер – 9 млн 579 мың 532 адам.

Сондай-ақ демографиялық оқиғалардың жиілігіне қатысты ақпараттар ұсынылған. Мәселен, соңғы бір айда әрбір 85 секундта елімізде 1 нәресте тірі туылды, әрбір 241 секунда 1 адам өлді, әрбір 1965 секундта 1 адам елге келген (иммигрант), әрбір 802 секундта 1 адам елден шыққан (эмигрант).

Айта кетсек, жыл басында ел халқының саны 18 млн 392 млн 960 адамды құрады. 2019 жылдың қаңтарынан осы тәулікке дейін Қазақстанда 327 мың 732 шақалақ тірі туылды, 112 мың 755 адам көз жұмды, иммигранттар – 11 мың 444, эмигранттар – 32 мың 196, жалпы өсім 194 мың 225 адамды құрады. 4 қараша басталған бірер минутта елімізде 3 сәби тірі туылып, 1 адам бақилық болды, жалпы өсім 2 адамды құрады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#халық саны