$ 498.34  519.72  4.85

Сенбі, жексенбі адам өміріне өте қауіпті күндер саналады

Оның себебін ғалымдар демалыс күндері көптеген адамдар дефибриллятор құралына әлдеқайда алыс болатындығында деп сендірді. Яғни, жүрегі сыр берген адамға құтқарушылар келіп жеткенше ол о дүниеге аттанып кетеді екен.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

АҚШ зерттеушілерінің айтуынша, демалыс күні жүрегі тоқтап қалған адамға қарағанда жұмыс күндері жүрегі сыр берген адамдарды аман алып қалу деңгейі жоғары екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар аурухана сыртында науқастың жүрегі тоқтап қалғанда дефибрилляция жасаған кездерді зерттеуге салған. Әлем бойынша үш мыңнан астам адамның оқиғасы сарапқа салынған көрінеді. Зерттеу нәтижелері бойынша, дефибрилляция  жасалса да, демалыс күндері жүрегі тоқтап, тіл қатпай кеткен адамдар саны басқа күндерде қайтыс болған адамдардан 20 пайызға жоғары екен. 

Оның себебін ғалымдар демалыс күндері көптеген адамдар дефибриллятор құралына әлдеқайда алыс болатындығында деп сендірді. Яғни, жүрегі сыр берген адамға құтқарушылар келіп жеткенше ол о дүниеге аттанып кетеді екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары