11.11.2019, 23:53

Халықаралық АЛМАТЫ әуежайы шетелдіктерге сатылуы мүмкін

Фото: www.google.kz
Қазір TAV Airports әуежайының операторы мен Алматы әуежайының басшылығы арасында сатып алу туралы келісім талқыланып жатыр

Алматының Халықаралық әуежайы шет елдіктерге сатылуы мүмкін. Қазір TAV Airports әуежайының операторы мен Алматы әуежайының басшылығы арасында сатып алу туралы келісім талқыланып жатыр. Оған VPE Capital басқарушы компаниясы да қатысады, деп хабарлайды abai.kz ақпараттық порталы sm.kz сайтына сілтеме жасап.

TAV әуежайларының 46,16% иелік ететін Groupe ADP мәліметіне сәйкес, екі тарап келесі аптада немесе желтоқсан айында нақты келісімге келуі мүмкін.

-Халықаралық Алматы Әуежайы - Орталық Азиядағы ең үлкен әуежай. Және ол Қазақстанның қаржы орталығы.Ол 2018 жылы 6 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетті. Жолаушылардың жартысы халықаралық бағыттардан келеді.

Қазақстан - теңізге шыға алмайтын мемлекет. Алайда Қазақстан Орталық Азия аймағындағы экономикалық өсудің драйвері. Бүгінде ОА-дағы ЖІӨ-нің 60% -ын Қазақстан қамтамасыз етеді. Ал, Алматының әуежайын сатып алу - Groupe ADP және TAV әуежайларының аймақтағы даму стратегиясына сәйкес келеді, -деп мәлімдеді Groupe ADP.

Айта кетейік, Groupe ADP - Paris-Charles de Gaulle, Paris-Orly және Paris-Le Bourget сияқты халықаралық әуежайларды басқарады. Ол 2018 жылы француз әуежайлары арқылы 105 миллионнан астам жолаушыны және шетелдік әуежайлар арқылы 176 миллионнан астам жолаушыларды тасымалдаған.

Тегтер: Алматы