$ 448.15  483.46  4.86

«Күніне 20 нәресте дүниеге келеді»: Ақтөбе облысы халқының саны бойынша 4-орында тұр

2019 жылдың 9 айында 9184 бала туылса, 2018 жылдың 9 айында 8321 бала туылып тұр. Өсім 863 балаға көп.

Ақтөбе қаласы халқының саны бойынша Алматы, елорда мен Шымкенттен кейін 4-орынға жеткен,-деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.   

Бұған дейін тұрғындары ең көп төрттікті Қарағанды түйіндеп келген. Республика бойынша агломерация қатарына ену үшін Ақтөбеде барлық алғышарт бар. Ақтөбеденің облыстық перинаталдық орталығында күніне шамамен 20 нәресте дүниеге келеді. Акушер мамандар соңғы уақытта аналардың 1-2 бөбекпен шектеліп қалмай, одан да көп құрсақ көтеруге тырысатындығын айтады.

Зейнегүл Наурызбаева - Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі: Бала туу көрсеткіші көбеюде. Әсіресе жастардың арасында 4-6 сәбиге дейін дүниеге әкелетіндері аз емес. Мұны әлеуметтік жағдаймен байланыстыруға болатын шығар. Балаларға берілетін жәрдемақы да көбейді. Осы факторлар демографиялық өсімге жағдай жасайды.

Ұлболсын Матаева - Статистика департаментінің жетекші маманы: 2019 жылдың 9 айында 9184 бала туылса, 2018 жылдың 9 айында 8321 бала туылып тұр. Өсім 863 балаға көп. Көшіп келушілердің саны көшіп кеткендердің санынан 2200-ге аз.

Демографиялық өсім қарқынын есепке алған мамандар алдағы жылы ақтөбеліктер саны 500 мыңнан асады деп болжауда. Бұл – баспана мен жұмыс орнына сұраныс тұрақты түрде артады деген сөз. Қазіргі күннің өзінде шаһарда жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер саны 2 мыңға жуық. Жергілікті билік олардың тек 178-і ғана қол қусырып отырғандығын айтады. Қалғандарына маусымдық шараларда нәпақа табуға жағдай жасаған. Алдағы уақытта өңірде құны 140 млрд теңге болатын 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспары бар. Олардың іске қосылуымен тұрақты табыс көзі артады.

Алтынай Маханова - халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы: Жоспар бойынша 11 мың жаңа жұмыс орнын құру болатын. Бүгінге Ақтөбе қаласы бойынша 10 900 жаңа жұмыс орны құрылып тұр. Ал бізде 16 000 адамды жұмысқа орналастыру кешенді жоспарға сәйкес бекітілген болса, 14 588 адам бағытталды. Жыл соңына дейін 100% қамтимыз деп сенеміз.

Құрылыс та қарқынды. Биылдың өзінде Ақтөбе облысында 1 миллион шаршы метр баспана қолданысқа берілуі тиіс. Мердігер мекемелер негізінен коммерциялық пәтерлерге ден қойғанымен, мемлекеттік бағдарлама аясында кезекте тұрған әлеуметтік топқа үлестіретін баспана құрылысы да кенже қалған емес.

Аслан Жарасбаев - құрылыс бөлімі басшысының орынбасары: Биылғы жылға 21 үш қабатты, аз қабатты тұрғын үй беру жоспарда бар. сонымен қатар осы тамыз айында тоғыз қабатты екі тұрғын үйді бердік және жыл аяғына дейін тағы екі тұрғын үйді беру жоспарымызда тұр. Жалпы биылғы жылда 102 мың шаршы метр пәтер береміз деп отырмыз.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын баспанамен қамтамассыз етуге облысқа 2 млрд 700 млн теңге бөлінген. Алдағы жылы бюджет есебінен тағы 10 көпқабатты баспана қолданысқа берілуі тиіс.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары