$ 449.58  486.94  4.86

4 кг бактерия бүкіл адамзатты жоқ қылып жібереді

Тіршілік бактериямен бірге өмір сүреді. Олардың болуы да заңдылық. Таяқтың екі ұшы болатын секілді бір жақсы, бір жаман жағы бар. Бірақ бактериялардың ішінде бактериясы болады.
Фото: google.kz
Фото: google.kz

Clostridium Botulinum – жер бетіндегі кез келген жерде өмір сүретін бактерияның бір түрі. Оның бір шәй қасық күші бүкіл АҚШ халқын қырып тастай алады. Ал 4 кг бактерия бүкіл адамзатты жоқ қылып жібереді. Бұл бактерия ботулиз ауруын шақырушы таяқша. Ол денені жансыздандырып, бұлшық еттердің қозғалуын тоқтатып, мидың жұмысын өлтіреді. 

Clostridium Botulium бактериясы үшін шөл де, суық та, ыстық та, аштық та әсер етпейді. Аталған бактерияның көзін құртатын ем адамның ағзасында. Ол асқазан сөлі. Яғни асқазан бөлетін сөл бактерияны құрта алады. Ал егер бактерия күші басым болса, онда жағдай қиын. Адамның бойында ботулизм ауруына қарсы иммунитет жоқ. 5,5 тонна тартатын пілдің өзі бұл бактерияның шабуылына ұшыраса, үш-ақ күнде өледі. 

Дереккөз: www.oinet.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бактерия