19.01.2016, 10:14

Бала тастау "эстафетасы" Алматы облысына жетті

Қарасай ауданының тұрғыны көшеден емізулі сәбиді тауып алып, жергілікті полицияға хабар берген. Бұл туралы Total.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тәулік бойы жүргізілген іздеу нәтижесінде 22 жастағы Іле ауданының тұрғыны ұсталды. Ол сәбиді өткен жылдың мамыр айында дүниеге әкелген екен. Көкек анаға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 45 күнге абақтыға қамау жазасы кесілуі мүмкін. Сәби болса балалар үйіне өткізілген, жағдайы жақсы.