$ 494.87  520.65  4.91

Балаларына "арақ берді" деп айыпталған азамат полицияға шағымданды

Осыдан бірнеше күн бұрын интернетте балаларына арақ берген әке жайында бейнеролик пайда болып, ондағы көріністер жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Әлеуметтік желілерде қолдан-қолға өткен осынау видеоматериалды дереу полиция қызметкерлері тексеріп, оқиғаның басты кейіпкерінің кім екенін анықтады.

Аталған жайт Астанада орын алған. Балаларына стақан ұстатқан 34 жастағы әкенің айтуынша, кішкентай қыздар арақ ішпеген көрінеді.

"Ол үйінде отырып әзілді бейнеролик түсірмек болғанын айтып отыр. Арақтың бос шөлмегіне минералды су құйып, қыздарымен ойнап, көңіл көтергісі келіпті. Бірақ, видеоматериалды интернетке жүктеу жоспарында болмаған" дейді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Өзінің интернет жұлдызына айналғанын білген ер азамат дереу полицияға арыз түсіріпті. Ол аталған роликті интернетке жүктеген адамды тауып, жазалауын сұрап отыр. Қазіргі таңда осы арыз негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Ал, қыздардың шын мәнінде не ішкенін арнайы экспертиза анықтайтын болады. Егер шөлмектегі сұйықтық расымен де минералды су болса жас әке ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары