$ 494.87  520.65  4.91

Көлікте босанған оқушы қыз туған ата-анасына оралмақ

Жамбыл облысында көлікте босанған 16 жастағы оқушы қыз өзінің туған ата-анасына оралатын болды. Бұл жайында облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев мәлім етті деп жазады informБЮРО.

Оның айтуынша, жеткіншек қыздың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жуырда ол ауруханадан шығып, Алматы облысында тұратын өзінің туған ата-анасына баратын болады. Кішкентай кезінде қызды әкесінің інісі өз тәрбиесіне алғандығын айта кетейік.

Ал, жаңа туған нәрестені көліктің терезесінен лақтырып жіберген оқушының өгей анасы қазіргі таңда бірқатар тексерулерден өтіп жатыр. Мұнан кейін оның жүйке жүйесінде ауытқудың бар-жоғы анықталады. Егер денсаулығында ақауы болмаса күдікті әйел ұзақ жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Ақкөл ауылының іргесінде жаңа туған нәрестенің денесі табылған болатын. Тексере келе оны 10-шы сыныптың оқушысы босанғандығы анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары