$ 447.4  477.55  4.76

ҚР ІІМ-нің бос лауазымдары алып-сату сайтына шығарылды

Әлемнің 105 елінде 40 тілде ғаламтор арқылы көнерген заттар мен түрлі ескі бұйымдарды сатумен айналысатын olx.kz сайтында Астанадағы ІІД Күзет басқармасына қызметкерлер қажет деген хабарлама шықты. 

Мемлекеттік органдағы жұмыс: ҚР ІІМ-не қабылдау жүріп жатыр деген хабарламада болашақ полицейлердің айлығы 50 мың мен 100 мың теңгенің аралығында деп көрсетілген. 

Бойы 175 сантиметрден кем емес, әскери билеті бар және жасы 25-ке толмаған азаматтар қабылданады деген хабарлындыруды 1758 адам көрген. Аталған сайтқа ұялы телефон арқылы жүктелген талаппен қанша адамның жұмысқа кіргені белгісіз.

Өзінің атын атамауды жөн көрген Н. есімді отставкадағы полковник бұл - полиция беделінің төмендеуіне әкеліп соғады деген пікірде. Кеңес заманында құқық қорғау органдарына қандай үлкен талаппен және қиындықтармен жұмысқа алатынын тілге тиек еткен ол, тәртіп сақшыларының қоғам алдында абыройының төмендегеніне қатты қынжылатынын жеткізді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары