$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысындағы түрік диаспорасының қариялары қазалы үйден кешірім сұрады

Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы 6 жасар сәби айуандықпен өлтірілгенен кейін өңірдегі түрік диаспорасының қариялары қазалы үйге кешірім сұрап келді деп жазады Tengrinews.kz. Олар басты күдікті - 17 жастағы Д.Кавазоглының әрекетін айыптап отыр.

Түрік этнобірлестігінің басшысы Давришев, ауыл имамының орынбасары Жамисар Қожа, Омад Басадов (Бурыл ауылы этнобірлестігінің жетекшісі) және ҚХА өкілдері қанды оқиғаға кінәліні заңмен жазалауды сұрап, қайтыс болған сәбидің отбасына қаржылай көмек көрсететінін айтты.

Қариялар Кавазоглы отбасының тұрған үйін қазалы отбасыға беруді шешіп отыр. Сондай-ақ, түрік диаспорасы марқұмды жерлеуге кететін шығындардың барлығын өз мойындарына алмақ.

Естеріңізге салайық, 15 ақпан күні Жамбыл облысы Бурыл ауылында көрішісінің үйіне ұрлыққа түскен 17 жастағы Д.Кавазоглы үйде жалғыз қалған 6 жасар сәбиді 11 жерінен пышақтап өлтірген болатын. Мұнан кейін елдімекен тұрғындары дереу аяққа тұрып, күдіктінің отбасы тұратын үйді қоршауға алды және олардың ауылдан көшіп кетуін талап еткен еді.

Қазіргі таңда Д.Кавазоглы қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары