$ 448.56  478.03  4.79

Ақтөбенің су жаңа депутаттары ең алғашқы жұмыс күнін көше тазалаудан бастайтын болды

Ақтөбе облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының бірінші сессиясы кеше өтті. Өңір басшылары жаңадан сайланған "ескі" және су жаңа депутаттарды сайлаудағы жеңісімен құттықтап, депутаттық куәліктерін және төсбелгілерін табыстады. "Ескі" дейтініміз, барлығы 31 депутаттың 17-сі бұған дейінгі шақырылымның құрамында болған. Сондай-ақ, 31 депутаттың 28-і "Нұр Отан" мүшелері.

Жаңа сайланған халық қалаулыларының қатарында 2 ректор, 2 колледж директоры, 12 АҚ және ЖШС басшылары, «АктобеМунайгаз» АҚ-ның 3 бөлім басшысы, 2 ассоциация басшысы бар. Депутаттардың орта жасы 51-де, Үш депутат әлі қырыққа толмаған деп жазады "Диапазон" порталы.

Бірінші сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы ретінде Сәния Қалдығұлова қайта сайланды.

Айтулы жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев депутаттарды құттықтай келе оларды көшеге шығып, сенбілікке қатысуға шақырды. Өйткені, соңғы жауған қардан кейін тұрғындардың жүруі қиындап қалған. Ал, Сәния Қалдығұлова болса әр депутат өзі сайланған округке барып, халық алдында есеп беру керектігін тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары