$ 439.43  473.31  4.82

Елімізде 589 полиция қызметкері коронавирус жұқтырған

Олардың 419-ы жазылып шықса, 170-і әлі де карантинде ем алып жатыр
фото: www.coronavirus2020.kz
фото: www.coronavirus2020.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иә, шынымен де, бүгінгі күні тәуекел тобына Денсаулық сақтау министрлігімен қатар Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері де кіріп отыр. Өйткені блокпостарда шамамен 7 мың қызметкер тәулік бойы қызмет етті. Бұған қоса, адамдар көп жиналатын жерлерде де жаяу шолғындау жүргізіліп, тікелей байланыс болды. Сондықтан біз де тәуекел тобына ендік. Полиция қызметкерлері арасынан ішкі істер органының 589 қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталып, нақтыланды. Оның 419-ы жазылып шықты. 170-і әлі де карантинде ем алып жатыр», - деп атап өткен Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте. 

coronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, өткен күні елімізде коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды. Олардың екеуі Түркістан облысының тұрғындары.

Қазақстан бойынша осы уақытқа дейін барлығы 61 адам қайтыс болды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары