$ 494.87  520.65  4.91

Тағы бір салафит әйелін жеті баласымен бірге тастап кеткен

Онсыз да біреудің қуықтай времянкасын жалдап келген олар енді қайда барып күн көрерін білмей дал болып отыр.
фото: qazaquni.kz
фото: qazaquni.kz

Бүгінде салафиттер арасында кит етсе болды шариғат заңын белден басып талақ айтып ажыраса салу жағдайлары тыйылмай тұр, деп жазады kazislam.kz сайты.

Шымкент қаласында бір тұрғын әйелін жеті баласымен бірге талақ айтып тастап кеткен. Онсыз да біреудің қуықтай времянкасын жалдап отырған олар енді қайда барып күн көрерін білмей дал болып отыр. 

Бұл туралы Кенжегүл Тергембаева есімді журналист әлеуметтік желі бетінде жазба жариялаған. Оның айтуынша, шиеттей жеті баламан далада қалған Нарғыз (есімі өзгертіліп берілген) бұрынғы күйеуімен заңды некеде болған. Үш рет талақ айтып тастап кете берген. Яғни енді ол күйеуімен қайта қосыла алмайды. Бұрынғы күйеуінің балалары алдында да жауапкершілігі жоқ деген сөз. Мұны заңмен тыймаса салафиттер шариғат заңын қалауынша өзгертіп, ойына келгенін істеп жүр», - деп жазған. 

Журналистің айтуынша, талақ айтқыш жігіттің әзір қайда жүргені белгісіз. «Ол өздерінің үйреншікті дағдысына салып сол күні-ақ басқа біреуге үйленіп алған да шығар. Оның басқа  да әйелі немесе керісінше жаңа тапқан әйелінің де күйеулері болған шығар. Ол бұлар үшін үйреншікті жағдай», - деп үлкен мәселенің бетін қозғаған. 

Нарғыз мемлекет тарапынан қажетті көмек те ала алмайды екен. Өйткені, құжаттары дұрыс емес. Сол себепті өздеріне берілетін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыға қол жеткізе алмай отыр. «Қазіргі қоғамда осындай отбасылар көбейді. Баланы таптыртып-таптыртып, талақ беріп кетті деген не сөз?! АстафирАллаһ. Ата-бабамызда осындай сұмдықтар болып па еді?! Жалпы, журналист ретінде бір нәрсені көтеремін, ин щаа Алла, мынау карантин бітіп, билік есін жисын. Сосын бүкіл байы тірі қатындардан «жалғызбасты ана» деген статусты, бүкіл жеңілдіктерді алып тастауды талап етемін. Жалғызбасты ана күйеуі марқұм болған немесе жолдан туып алған аналар. Ал, байы тірі тұрып, жалғызбасты атану деген сұмдық қой. Алла сақтасын. Бір байының бабын таппаса несіне қатын болып жүр?! Қатты айтсам кешіріңіздер. Осы мен айтқан заң қабылданса жаңағы байын бездіргендердің күйеуінің балағына қалай байланғандарын көреміз. Осы шешім шықса ажырасу азайып, отбасыларының бүтін болуына себеп болады деп ойлаймын», - деп жазған журналист өзінің facebook парақшасында. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары