$ 447.4  477.55  4.76

Ең лас қалалар тізіміне Астана мен Түркістан да қосылды

Қазақстандағы ең лас қалалар көшін бұрынғыдай Алматы бастап тұрса, оның қатарына бүгінде Астана мен Талдықорған және Түркістан қалалары қосылды. Аталған шаһарлардағы экологиялық жағдай айтарлықтай нашарлап кеткен деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астананың ауасының ластануына ең алдымен жылу электростанциялары бөлетін күкірт диоксиді себеп болып отыр. Аталған зат елорданы жылыту үшін жағылатын көмір мен мазуттан бөлініп шығады. Сонымен қатар, қала маңындағы зауыттарда пайдаланылатын мұнай өнімдерінің түтіні де астаналықтарды улап келеді.

Ал, Алматының ауасында азот диоксиді көп. Ол қатты отынды аса жоғары температурада жаққан кезде бөлініп шығатын газ. Улы затты негізінен көліктердің қозғалтқышы, жылу электростанциялары бөліп шығарады. 

Мамандардың айтуынша, Талдықорғанда РМ-10 бөлшектері мен күкірт сутегі көп. РМ-10 табиғи отынды өртегеннен бөлінетін түтіннің құрамында болады. Күкірт сутегі болса органикалық денелердің шіруінен бөлініп шығатын газ. Оны негізгі ошағы - кәріз жүйелері, химиялық өнімдер шығаратын және былғары илейтін зауыттар болып табылады. Сондай-ақ, РМ-10 бөлшектері Түркістанның ауасында да айтарлықтай көп мөлшерде таралған.

Ал, Қазақстандағы ауасы ең таза деп Павлодар блысындағы Ақсу қаласы танылып отыр. Аталған елдімекенде токсинді газдар мөлшері белгіленген нормадан бірде-бір рет асып кетпеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары