27.04.2016, 09:59

Астана тұрғыны көпірден секіріп өлмек болды (ФОТО, ВИДЕО)

Бүгін Астанадағы Министрліктер үйінің жанында орналасқан үлкен көпірдің үстінен тұрғындардың бірі секіріп өлмек болды. Оқиғаны куәгерлердің бірі бейнекамераға жазып алған.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер мен құтқарушылар және жедел жәрдем қызметкерлері суицид жасамақ болған ер азаматты теріс қадамға бармауға көндіріп, бірнеше минут ішінде райынан қайтарды. Ол көпірден өз еркімен түсіп, жұрттың назарын өзіне қарату үшін осындай қадамға барғанын айтты. Сөзіне сенсек, белгісіз біреулер оның соңына түсіп, өлтіруге оқталып жүрген көрінеді. Бірақ, олардың кім екенін және не үшін өлтірмек екенін айтқан жоқ.