07.10.2020, 03:21

Оралда танкіге қарсы миналар табылды

фото: aikyn.kz
Қауіпті миналар темір-терсектің арасынан шыққан.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 қазан күні Желаев өндірістік аумағында болған.

«ПМК» ЖШС директоры өндірістік аумақты аралап жүріп, темір-терсектің арасынан миналар тауып алған, деп хабарлайды Айқын ақпарат