06.06.2016, 07:53

Алаңға жерін қорғап шыққандарды Тоқтар Төлешов қаржыландырған - ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК баспасөз хатшысы Руслан Қарасаевтың айтуынша, елімізде өткен айда жер дауына қатысты орын алған митингтерді шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов қаржыландырған. Бұл туралы ол бүгін Бас прокуратурада журналистермен кездесу барысында мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

"Оның әрекеттерінің жоспары елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген. Бұл жағдайлармен қатар ол үкіметтің өз ойындағы баламасын жоспарлаған және қазіргі үкіметтің құрылымын өзгерткісі келген. Атырауда, Астанада, Алматыда, Оралда, Қызылордада болған жер реформасы бойынша наразылық акцияларды Төлешовтің 2015 жылдың желтоқсанында-ақ жасырын жүргізгені және қаржыландырғаны туралы дәлелдерді алдық", - дейді Қарасаев.

Айта кетейік, еліміздегі ең алғашқы наразылық акциясы Атырауда 24 сәуір күні өткен болатын. Алаңға жиналған 4 мыңдай тұрғын ауылшаруашылық жерлерінің сатылуына және шетелдіктерге жалға берілуіне қарсылық білдірген. Мұнан кейін дәл осындай митингтер Ақтөбе мен Семейде, Жаңаөзен мен Қызылордада да жалғасын тапты.

Ал, Жер кодексіндегі 4 нормаға уақытша мораторий жариялаған Президент Н.Назарбаев жерін қорғаштаған қазақ халқына риза екенін білдірген еді.