$ 498.34  519.72  4.85

Жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салатын заң жобасы Парламентте қаралып жатыр

"Жер кодексін" қайта қарауға Президент Жарлығы мен Елбасының құжаттағы 4 нормаға мораторий енгізуі себеп болып отыр. Енді шетелдіктерге жерді жалға беруге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін.

"Атап айтқанда, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталында шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі бар заңды тұлғаларға жерді жалға беруге қатысты нормалар тоқтатылды. Біздің комитет аталған заң жобасын қарауға, белгіленген мерзімге дейін қорытынды шығаруға дайын", - дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, аграрлы мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров.

Естеріңізге салайық, 5 мамыр күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіндегі даулы төрт норманың орындалуына уақытша мораторий жариялаған болатын. Артынша Елбасы арнайы комиссия құрып, жерді сату және шетелдіктерге жалға беру мәселесін түбегейлі шешуді тапсырған. Комиссияны ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқаруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары