Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі осы жылдың III тоқсанындағы қылмыстық статистикамен бөлісті, деп хабарлайды stan.kz ақпарат порталы.
Ұлттық статистика бюросы (бұрынғы статистика комитеті - ред. түсіндірмесі) таратқан мәліметтерге сүйенсек, Былтырмен салыстырғанда, қылмыс деңгейі 34,4%-ға төмендеген: 2020 жылғы III тоқсанда 126499 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті.
Республика бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыскерлердің саны 90-ды құраған. Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қостанай облысы еліміздегі қылмыс көп тіркелген өңірлердің көшін бастаса, Шығыс Қазақстан облысы "ең тыныш" аймақ атанды.
Төмендегі статистикадан Қазақстанның өңірлері бойынша қылмыс деңгейін көрсеткішіні көре аласыздар:
Елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65,2% артыпты. Ең жиі кездесетін қылмыс - біреудің жеке меншігіне жасалған зардап (73,6%). Оның ішінде біреудің мүлкін ұрлау ең жиі кездеседі екен: 2020жылдың ІІІ тоқсанында 52,8 мың қылмыс анықталыпты.
Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар саны 7052-ні құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7% аз. Зорлау – 39,6%, қорқыту – 26,4%, адам ұрлау – 24% қылмыстары бойынша төмендеу белгіленді.
Бқған қоса, қасақана кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,4% артқан.
Еліміз бойынша адам өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, ең төмені Шымкент қаласында байқалады:
Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 57,2 мың адамды анықтады (2019 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 23,1% аз), 28,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бір айта кетерлігі, қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың көпшілігі жұмыссыздар - 82,2% екен.
Орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір жетінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы дерлік – топ құрамында болған.
Қылмыс жасаған адамдардың 2,4%- ы - кәмелетке толмағандар.