Оңтүстікқазақстандық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы жеткіншек қызды бір аптадан бері іздеп жатыр. Шымкент іргесіндегі Чапаевка елдімекенінде тұратын Лилия Ахметова үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі қайта оралмаған деп жазады Otyrar.kz.
Оқушы қызды соңғы рет қаладағы темір жол вокзалынан көргендер бар. Туыстарының айтуынша, Лилия өзімен бірге ешқандай құжатын алып кетпеген. Сондықтан, оның пойызға отырып, өзге қалаға кетіп қалуы екіталай дейді олар.
Лилия Ахметова жоғалатын күні көк түсті шорты, ақ-жасыл түсті жейде, ақ түсті туфли киіп кеткен. Өзімен бірге кішкентай қара қол сөмкесі де болыпты.