$ 444.22  476.38  4.82

Экс-министр Салидат Қайырбекова ауыр халде жатыр

ҚР Денсаулық сақтау экс-министрі, бүгінде "University Medical Center" корпоративті қорын басқаратын Салидат Қайырбекова ауыр халде аурухана төсегіне таңылған. Бұл жайында Tengrinews.kz хабарлады.

"Иә, оның жағдайы қазір бірқалыпты ауыр", - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйеснова, журналистерге берген сұхбатында. Экс-министрдің денсаулығының сыр бергендігі туралы алып-қашпа сөз бұған дейін де айтылатын.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау саласы өз алдына бөлек министрлік кезінде оны соңғы рет Салидат Қайырбекова басқарған. Кейін, аталған ведомство Еңбек және әлеуметтік даму министрлігімен бірігіп, жаңа ведомствоға Тамара Дүйсенова министр болып тағайындалды. Ал, Қайырбекова біраз уақыт вице-министр қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары