27.06.2016, 04:39

Астанада жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдің мәйіті табылды

19 маусым күні түнгі клубқа барып, содан қайта үйіне оралмаған 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның өлі денесі табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 маусым күні сағат 12:00-де Астана іргесіндегі орманды алқапта бұған дейін із-түссіз жоғалып кеткен Сыбанбаеваның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлықтың белгілері болған. Тексеру барысында марқұмның туыстары оны таныды", - делінген ІІД таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің "кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Тергеу ісінің құпия жүргізілуіне байланысты өзге деректер айтылмай отыр.

Естеріңізге салайық, жас кәсіпкер Балдырған Сыбанбаева Астанадағы "Ретро" түнгі клубына сіңлісімен барып, қайтар кезде жалғыз өзі таксиге отырған. Мұнан кейін оны ешкім көрмепті.