18.07.2016, 06:26

Әлеуметік желіде Алматыдағы атысты ұйымдастыруы мүмкін "сақалдының" суреті жарияланды

WhatsApp желісі арқылы Алматыдағы атысты ұйымдастыруы мүмкін деген күдіктінің суреті жарияланды.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Никольск базарының маңында белгісіз адам автоматпен полиция қызметкерлеріне қарата оқ атқан болатын. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан тәртіп сақшылары бар. Жедел жәрдем қызметі де ауыр жараланған 5 адамның жеткізілгенін мәлімдеді.

Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, қалада қазір антитеррорлық операция жарияланған.