Қоғам 04.03.2021 сағат 22:31

Өскемендегі баланы жерге алып ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу амалдары басталды (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы бұл фактіні растап, түсініктеме берді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде тәрбиешісі балаға қатыгездік танытқан балабақшаның өздеріне қарасы екенін Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы растап, түсініктеме берді, деп хабарлайды altaynews.kz сайты. 

Видеода шүйілігіп келіп, баланы бар күшімен желкесінен ұстап лақтырып жіберген тәрбиешінің оқыс әрекеті сипатталады. Бар екпінімен еденде сырғанаған бала есі шығып, бүгежектеп, қашқақтайды. Бірақ адунды тәрбиеші оны уысынан жібермей, ары қарай одан өшін алуға кіріседі...

Бұл жағдай Өскемендегі "Арман" балабақшасында орын алған болып шықты. Ата-аналардың бірі ұлына тәрбиешінің қатыгездік көрсететіне шағымданған. Шағымдарын дәлелдеу мақсатында видеоны көрсеткен. Видеода балабақшаның басқа да қызметкерлері жүргені көрінеді. Олардың бәрі болып жатқан көріністі көрсе де, ешкім тәрбиешіге тәйт демеген. Тіпті, бір мезетте әлгі тәрбиеші баланы өзімен бірге басқа бөлмеге алып кетеді.

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы бұл фактіні растап, түсініктеме берді. Белгілі болғандай, видеоға түсіп қалған жанжал 17 ақпанда болған, баланың ата-анасы кеше ғана шағымданған.

Әрине, біз бірден мән-жайға араластық. Мұнымен қазірдің өзінде құқық қорғау органдары жүзеге айналысып жатыр. Жазаны қызметкерлер көтереді, - ШҚО білім басқармасының бастығы Сайрангүл Жұмаділова.

Бөлімде атап өткендей, қазірдің өзінде шаралар қабылданды. Балабақша директоры мен тәрбиешісі арнайы заң бабы бойынша жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бүгін ШҚО білім басқармасының басшылығы балабақшаның ата-аналарымен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында, - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар