Ақтауда полиция адамдарды эвакуациялап, ауруханадағы өртті сөндірді, деп жазады kznews.kz.
Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоні қызметкерлері 7 наурызда сағат 23:20-да Маңғыстау облыстық ауруханасына адам жеткізген.
«Осы кезде олар қабылдау бөлімінің ішінен жарылыс болғанын естіген. Сол кезде іштегі адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Алайда полиция лейтенанттары – Н.Әзімхан, Ж.Ниязбеков еш сасқалақтамай не болғанын қарау үшін ғимаратқа кірген. Іште жалынды көрген соң адамдарды құтқару үшін сыртқа шығаруға кірісіп, бірден өрт сөндірушілерге және рота командиріне хабарлап үлгерген», делінген хабарламада.