Өскеменде көпқабатты үйдің 14-қабатынан құлап кеткен ер азамат аман қалды. Оның құлағаннан кейінгі жағдайы түсірілген бейнеролик YouTube желісінде пайда болды деп жазады Informburo.kz.
Ер азамат көліктің үстіне құлаған. Оны ажалдан аман алып қалған да осы. Автомобильдің шатыры майысқанымен, бастысы адамның өмірі аман қалды.
Қазіргі таңда оқиға орнына келген полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ал, ауыр жарақат алған ер азаматты жедел жәрдем көлігі алып кетті. Өскемен қалалық №1 аурухана өкілдері оның жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.
"Науқастың жағдайы тұрақты ауыр халде" дейді аурухананың бас дәрігері Юрий Старокожаев.