$ 494.87  520.65  4.91

Қашаған экологиясы: Каспий теңізінің түбінен канал қазудың қаупі қандай?

Бұл зерттеулер қайда және таксондардың қандай түрлері таңдалды, олардың зақымдану деңгейі қандай болады? Біз компаниядан бұл сұрақтарға әлі жауап ала алмадық
Фото: NCOC
Фото: NCOC

Атырау облысының әлеуметтік белсенділері NCOC компаниясының Солтүстік-Шығыс Каспийдің акваториясында теңіз кеме каналдарын заңсыз салғанын мойындауын сұрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Аймақтың экологиялық ҮЕҰ өкілдері North Caspian Operating Company компаниясының Солтүстік-Шығыс Каспийдің акваториясына теңіздік каналдар тарту жобасына қатысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министріне үндеу жариялады.

Бұрын бұл компания көктемде Қашаған мұнай жобасының логистикасын қамтамасыз ету үшін теңізде тасымалдау каналдарын қаза бастайтыны белгілі болған еді. Содан кейін бұл жоба қандай экологиялық апаттарға әкелуі мүмкін екендігі жайында да айтылған болатын.

Үндеуде қоғам қайраткерлері NCOC компаниясының мұнай өндірген барлық кезеңінде Каспий теңізі деңгейінің өзгеруі мүмкін толық болжамдық мәліметтерін әлі ала алмағандықтарын атап өтті.

«Компания жариялаған жобаның даму мерзімі кем дегенде 2038 жылға дейін. Теңіз өзінің регрессивті кезеңінен қаншалықты шегінеді, қандай деңгейге жетеді және қазіргі деңгейінен қаншалықты алыстайды? Бізге компания өкілдері теңіз деңгейіне болжам жасау үшін мәліметтер әлі жеткіліксіз деп,  Каспий теңізінің  тек 2029 жылға дейінгі өзгерістері туралы ғана мәлімет бере аламыз деп отыр.  Бірақ Интернеттегі жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде Каспий теңіз деңгейінің тіпті 2054 жылға дейін өзгеруі туралы болжамдар жүр ғой», - делінген үндеуде.

Экологтар сөзінше теңіздің таяз бөлігінде белсенді толқын мен желдің динамикасы байқалатындықтан, канал қазу жұмыстары қалай әсер ететіндігін байқау үшін компания кем дегенде 20-50 таксонға (организмдер тобы) зерттеу жүргізіп көру керек болатын. Теңіздің бұл бөлігі Солтүстік-Шығыс Каспий акваториясы ихтиофаунасының азық алқаптарының аймағы болғандықтан, ондағы организмдерді қоректік бірліктері бойынша ең әлсіз және зақымдануға бейім түрлерін бөліп қарасыру керек еді. Сонымен бірге компания теңіз тасымалдау каналдарын қазудың орындылығы мен шығындарын, ихтиофаунаға әкелер зиянын есептеп, осы мәліметтерді зерттеуі керек еді.

«Бұл зерттеулер қайда және таксондардың қандай түрлері таңдалды, олардың зақымдану деңгейі қандай болады? Біз компаниядан бұл сұрақтарға әлі жауап ала алмадық», - дейді қазақстандықтар.

Қазіргі уақытта North Caspian Operating Company компаниясы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорғалатын аумаққа қатысты ҚР Экологиялық кодексінің бабын тікелей бұзатындығы туралы айтылып жатыр.
Бәрінен бұрын NCOC 1 сәуір мен 15 шілде аралығында, дәлірек айтсақ, балықтар уылдырық шашатын және олардың мекен ауыстыру кезеңінде де жұмыстарын жүргізуге ниетті екенін айта кеткен жөн.

Оқи отырыңыз: Каспий теңізі экологиялық апат алдында тұр

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Атырау облысының тұрғындары өздерінің нақты талаптарын атап өтті:

Біріншіден. NCOC компаниясының теңіз кеме каналдарын қазу жобасын қоршаған ортаны сақтау және қорғау тұрғысынан зиянды және қауіпті деп тану.

Екінші. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қағидаттарына сәйкес Экология министрлігінің осы жобаға берген барлық келісімдері мен рұқсаттарын алып тастау. 

Үшінші. Солтүстік-Шығыс Каспийдің акваториясында NCOC компаниясының «Теңіз кеме каналдары» жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамасының нәтижелерін жою.

Төртінші. NCOC-тен эстакадалар, жолдар салу және басқа заттарды ескере отырып, Қашаған жобасы бойынша коммуникациялар мен логистиканы дамыту бойынша балама ұсыныстар әзірлеуді талап ету.
Сонымен қатар, бұған дейін Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев мұнай компанияларының кесірінен таяз бола бастаған Каспий теңізінің экологиялық проблемасы туралы бейнеролик жариялаған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары