Алматыда аяғынан оқ тиіп жарақат алған адам қалалық ауруханалардың бірінде емделіп жатыр. Жағдайы қалыпты, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.
Бұл жөнінде қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқыс оқиға кеше шаһардағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Қару асынған азамат алдымен кешеннің күзетшісін жаралап артынан пәтеріне жасырынады. Құқық қорғаушылар күдіктімен 6 сағат келіссөз жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Қарулы азамат тәртіп сақшыларына қарсы 30 рет оқ жаудырған. Ақыры күдікті 17 қабаттан секіріп, сол жерде жан тапсырды. Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіге қарсы оқ қару қолданылған жоқ. Тұрғын үй кешенінен эвакуцияланған тұрғындар арасында ешкім зарлап шекпеді. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.