$ 494.87  520.65  4.91

«Есіктің кілтін жоғалтып алған»: Түркістан әуежайындағы жағдай казнет қолданушыларын таңқалдырды

«Қазір біреу әуежайда «Кеше әуежайдан ең соңынан кім шықты? Үйге кілтті кім алып кетті?» деп жүгіріп жүрген шығар...».

Түркістан әуежайында орын алған оқиға желі қолданушыларын таңғалдырды. 5 мамыр күні таңертең Түркістанның әуе айлағы Алматыдан ұшып келген кезекті рейсті қабылдамақ болған еді. Ұшақ аман-есен жерге қонғанымен, жолаушылар борттан шығарылмайды. 15 минуттан кейін оларға әуе кемесі адамдарды бұрын жоспарланған жерде емес, басқа жерден түсіретінін хабарлайды. 

Рейс жолаушыларының бірі Facebook-тегі парақшасында оқиғаның қалай болғанын сипаттап жазған.

«Стюардесса жердегі қызметкерлер гейтке кіретін есіктің кілтін жоғалтып алғанын айтты. Қазір біреу әуежайда «Кеше әуежайдан ең соңынан кім шықты? Үйге кілтті кім алып кетті?» деп жүгіріп жүрген шығар», - деп жазады ол.

Түркістан әуежайында мәлімдегендей, жолаушыларды түсіруге техникалық ақау себеп болған. Әуе кемесін қарсы алуға дайындық кезінде телескопиялық траптың - электр қозғалтқышының басқару тетігінде ақау бары анықталған.

«Ұшақты тұраққа апарғаннан кейін әуежайдың перронды қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері жолаушыларды түсіру үшін әуе кемесін екінші телескопиялық трапқа көшірді. Бұл шешім Жолаушыларды түсіру кезінде ұшу қауіпсіздігін сақтау мақсатында қабылданды. Қазір техникалық ақау жойылды және телескопиялық трап штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деді Turkistan International Airport компаниясының атқарушы директоры Марат Хасенов.

Оның айтуынша, авиакомпания мен жолаушылар тарапынан әуежайға қатысты шағымдар түскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары