$ 447.4  477.55  4.76

Шығыс Қазақстанда орман өрті 14 үйді шарпыды

Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 га.

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының маңында орман өртеніп, қызыл жалын тұрғын үйлерге жетті. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне жайылғанын хабарлады. 

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында, орманда орман шаруашылығы жеке құрамының 100-ден астам адамы мен ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері және 20-дан астам техника жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖД. 

Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 га. Өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиа орман күзетінің 2 тікұшағы келді, 12 500 текше метр су төкті.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары